Шәкен ата мен Айша апа қарапайым ауылда тұрады. Қолында ұлы Сәрсен мен келіні Сәуле және немересі Арман бар. Көршілері Жүке мен Сәлима да әрдайым қастарынан табылады. Барлығы бірге қағытпа қалжыңдары, астарлы әзілдері жарасып тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осындай көңілді күндердің бірінде, бір ауыз қазақша білмейтін, қаладағы ұлдың немересі демалысқа келеді.Туыстар бір-бірін түсіне алмай әлекке түседі. Ақыры Шәкен ата қаладан келген немересімен тек қазақ тілінде сөйлесу керек деп бұйырады. Нағыз қызық осы кезде басталады.