Екі түрлі әлемнің, екі бөлек түсініктің жастары үйленгенде қандай хикаяларға тап болады, білесіз бе? Ауылдың еркін өскен баласы мен қаланың ерке өскен бойжеткені арасындағы комедиялық телехикаядан көріңіз. Олар үйленудің оп-оңай екенін бірінші күні-ақ түсінді, ал енді үй болудың қиындықтарымен күнде кездесуде. Ал ең бастысы, олар өз күрестерін тоқтатпайды...