Бұл мәңгілік тақырыпқа айналған әке мен бала арасындағы байланыс, жақсы мен жаман, қуаныш пен қайғының қақтығысы баяндалатын өміршең туынды. Өз балаларын жанындай сүйетін «әке сертіне» – тағдыры тосқауыл бола ала ма? Үш бірдей жанның өліміне күдікті деп танылған ол заң алдында өзін ақтай ала ма? Себебі, жылдар өткен сайын балаларына берілген серттің де сұрауы арта бермек.