Әлихан, Нариман, Талғат, Ғалымжан - әр өңірдің бозбалалары. Ауыл баласы, қалталы байдың баласы, білімге жаны құмар оқымысты жігіт және сауыққұмар жігіттер күтпеген жерден әскер қатарына алынғанда олардың алдарында не күтіп тұрғанын білмеген еді. Еркіндікке үйренген оларға темірдей тәртіпке бағыну қиын болса да, елге деген патриоттың сезімі басым түседі. Бірақ қиындығы мол жауынгерлік өмірге төзу үшін қандай күш керек? Сарбаздардың рухын шыңдау үшін қандай қасиеттер керек?