Еуропадан енді оралғанАйсұлуды қиындықтар күтіп тұрған еді. Сал болып қалған әкесі мен құлдырауға аз қалған бизнесті құтқару енді оның қолында. Сырт көзге жанашыр болып көрінгісі келетін әкесінің досынан да күмән көп.Бірақ бірде-бір дәлел жоқ. Ал, мүлдем тіл қатып, қозғала алмайтын шарасыз әке, қызын қаумалаған жаулардан құтқаруға дәрменсіз. Демек, барлық үміт пен жауапкершілік жалғыз Айсұлудың мойнына жүктелмек. Музыкадан басқа ештеме түсінбейтін жас қыздың бойынан мұндай батылдық пен қаһармандық табыла ма?