Телехикая Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ел өмірінің шынайы болмысын баяндайды.Қазақстанның алғашқы дипломатиялық қарым-қатынасы, саясаттағы, экономикадағы қадамдары, халықаралық спорттағы алғашқы жеңістері, бизнестің дамуы, тұңғыш теңгенің шығуы – барлығы кейіпкерлердің өмірімен ұштасады. Яғни, тарих пен өмірді сабақтастыра отырып түсірілген телехикая. Оқиға желісі бойынша тоқсаншы жылдардағы дағдарыста туған үйлерін тастап қалаға көшуге мәжбүр болған көп балалы қазақ отбасының өмірін бейнелейді. Олардың тағдыр жолдары әртүрлі болғанымен, көздеген мұраттары біреу ғана...