Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай жасалынған мерекелік бағдарламада балақайлар әсем ән шырқап, дөңгелене би билеп, күй күмбірлетіп, ұлттық ойындар ойнап, жас көрермендердің көңілін көтереді. Мақсаты - балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.