Оқиға желісі атасының жасырған қазынасын Ақтауға іздеп келген Әли атты жігіттің сапары арқылы дамиды. Қолында ақсақалдың аманаттап қалдырып кеткен картасы бар. Ол жерде жасырылған қазынаның нақты орналасқан жері көрсетілген. Ауғанстан жерінде туып өскен Әлидің Ақтауға келуі қазынамен қоса, өзге де құйтырқы әрекеттердің бетін ашады. Себебі, ол кезде Маңғыстау тауларын есірткі бизнесімен айналысатын мафиялық топтар иеленіп алған еді. Осыдан бастап шым-шытырық оқиғалар басталады. Бұл отандық кино тарихындағы экшн жанрында түсірілген тұңғыш телехикая.