Бұл лирикалық және драмалық оқиғалардан құралған, бір тақырыптағы бірнеше хикаядан тұратын туынды. Әр бөлімі қоғамдағы өзекті мәселелерді арқау етеді. Адами құндылықтарды көрсетеді. Ата-ананы сыйлау, достық, адалдық, сатқындық, рақымшылық, дәстүрге құрмет секілді адамзат өміріндегі өзекті мәселелерді қозғайды. Бақытқа жету кез келген адамның қолынан келе бермейді, бірақ бәрі оған жетуге тырысады. Сондықтан әрбір тағдыр – сабақ, ал өмір – новелла.