Күміс көмей әншілер мен өз саласының нағыз майталмандары «Егіз лебіз» өнер бәйгесінде бақ сынасады. Мұнда, тек жанды дауыста ғана шырқалатын әндерді тыңдап қана қоймай, жоғары деңгейдегі сахналық қойылымдарға да куә боласыз. Әр жұптың өнерін қазылар алқасы мен көрерменнің дауысы бағалайды. Ең төменгі ұпай жинаған жұп, тиісінше жобаны аяқтайды. Ендеше, кімнің жеңіске жететінін, бірге анықтайық.