Көрерменді қуанышқа бөлеп, көңіл сарайын ашатын, 2016 жылғы ең қызықты әзіл-сықақ бағдарламаларының бірі. Еліміздің әр өңірінен кастинг арқылы іріктеліп алынған әзілкештер бақ сынайтын алаң. Сайыс: «Актерлік шеберлік», «Импровизация» сынды бірнеше айналымнан тұрады. Мұнда қатысушылардың актерлік шеберліктері ғана емес, сонымен қатар ойлау қабілеті мен тапқырлығы да сыналады.Ал, жеңімпаз «Әзіл әлемі» театрына қабылданады. Көрерменді таңқалдырып, әділ-қазылардың сынынан сүрінбей өтіп, үлкен сахнада өнер көрсетуге кім лайық?