Бұл, аты аңызға айналған, көрерменнің сүйіктісі «МузАРТ» тобының өз ізбасарларын таңдаған мега-жоба. Еліміздің барлық өңірінен 60 000-ға жуық қатысушыны біріктірген үлкен шоу. Олардың мақсаты: іріктеу арқылы ең үздік төрттікті анықтау. Бұл жерде дауыс қана маңызды емес, квартетте жұмыс істеуі де үлкен рөл ойнайды. Демек, «МузАРТ live» жобасының жеңімпаздарын анықтау ешкімге оңайға түспесі анық.