Өмір –жол. Ал бәріміз –жолаушымыз. Өз аялдамамыздан мінеміз, өз аялдамамыздан түсеміз. Біздің бұл жолғы сапар теміржолда басталды. Пойыздың қызметкерлері күнделікті жұмыстарына шығады. Әдеттегідей әрқайсысына бөлінген өз міндеттері бар. Сонымен қатар өз араларында қызғаныш, реніш, махаббат сынды хикаялар да табылып жатады. Әр сапардың өз қызығы мен қиыншылығы болатынын олар жақсы біледі. Қауышу-қоштасу, жабығу-қуану бәрі де осы пойызда өтеді. Бірақ бұл жолғы рейс олар күткендей емес, мүлдем басқа. Дегенмен қандай жағдай болмасын, қызметкерлер пойызды діттеген жеріне дейін жеткізуі тиіс. Бұл әрине, оңайға түспесі анық. Түрлі тағдырларды тоғыстырған теміржол бойындағы тартыс немен аяқталады?