Қарапайым отбасынан шыққан қыз бен бай отбасында өскен жігіттің арасындағы мәңгілік теңсіздік тақырыбы көтерілген туынды. Францияда оқып, елге енді оралған Аңсар, марқұм әкесінің бизнесін жүргізуге тиісті. Бірақ оның қалауы ол емес еді. Ал, Асыл болса енді ғана жұмысқа орналасқан, сол компанияның есепшісі. Екеуі алғаш танысқан сәттен-ақ бір-бірін жақсы түсінісіп, сезімдері достыққа, одан әрі шынайы махаббатқа ұласады. Асыл өзінің бойындағы тазалығы арқылы, суретші Аңсардың музасына айналады. Алайда, жігіттің анасы бұл қарым-қатынасқа түбегейлі қарсы. Тіпті сол үшін түрлі әрекеттерге де баруға дайын. Бірақ, бір-бірін шын сүйетін жүректер қанша жараланса да, соңына дейін күресуге қауқарлы екенін ешкім аңғармады.