Үлкен қаланың бір ауласында тұратын балалар жазғы оқу демалысында шағын қойылым дайындап, конкурсқа қатыспақшы болады. Бірақ, ата-аналарының балалар үшін құрған өз жоспарлары бар болып шығады.Сондықтан оларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Екі ортада қалған балалар өз армандары үшін күресіп, жан қалаулары үшін қарсы тұруға тырысады. Ата-ана мен балалар арасында болған ауыладағы ерекше оқиға «Ақ құс» телехикаясында.