Телехикая жаңа түскен келін Перзизаттың тағдырын арқау етіп, отбасындағы қарым-қатынас, ене мен келін арасындағы кикілжің, әлеуметтік теңсіздік, ұлттық дәстүр мен құндылықтар туралы баяндайды. Азат пен Перизаттың махаббаты шынайы болғанымен, өмірдің тосын жайттары бәрін өзгертеді. Сезімдері мен сенімдері сынға түсіп, отбасылары бұзылады. Екеуіне ортақ – үміт қана қалады. Ал сіз үміт үзілмейтініне сенесіз бе?