Фильм 20 жасына дейін 11 адам өлтірген Буэнос-Айрестік қанішер Карлос туралы. 17 жастағы Карлито ауқатты аргентиналық отбасының жалғыз баласы. Періштеге сай түр-әлпеті болғанымен, жастайынан ұры-қарлыққа жақын еді. Жоғары сыныпта түзеу мектебіне ауыстырған соң, нағыз баукеспелер отбасынан шыққан Рамонмен достасады. Жаңа серігінің арқасында Карлито алғаш рет қолына қару алады. Жас қылмыскер ұрлықтан кісі өлтіруге көшіп, бұдан кәдімгідей ләззат алатын болды. Режиссер Луис Ортеганың фильмі шынайы оқиға негізіндегі Робледо Пучаның «Өлім періштесі» атты туындысы желісінде түсірілген.