Жетімдер үйінде тәрбиеленген үш дос. Қаршадайынан ата-ананың қолдауын сезбеген балалар үлкен өмірге өздері дайындалады. Олардың мақсаттары да бір, армандары да ортақ еді. Алайда, әрқайсысы өз отбасын тауып, жолдары айырылғаннан кейін, уақыт үшеуін мүлдем басқа адам етіп, қайта жолықтырады. Ендігі сәтте, олардың кеудесіндегі: «жұбымыз мәңгі жазылмайды» деген балалықтың тәтті қиялы орала ма? Үшеуіне ғана ортақ естеліктер оларды біріктіре ме?