2018 жылы 27 қазанда, сағат 13:07 кеткенде Алматы қаласында 10 адамның өмірі үзіледі. Олар бір-біріне мүлде жат адамдар, әрі түрлі себептермен көз жұмған. Барлығы о дүниеге, періштенің алдына барғанда олардың тағдыр кітабы өртеніп кеткені белгілі болады. Сондықтан олар тіршілікте жасаған қайырымды істерін еске алуға мәжбүр. Сонымен қатар жасаған күнәсі мен қателігі үшін өкіне ме? Қайта мүмкіндік берілсе нені өзгертетін еді?