Мұхтар Әуезов айтқандай, «айтыс – сөз барымтасы...». Қазақтың ұлық өнері де - сол. Ендеше, ұлттық өнердің жанашыры Ұлттық арна 60 жылдық мерейтойы қарсаңында көрерменге жаңа жоба ұсынады. Атауы – «Жүрсіннің жүйріктері». Бағамдағаныңыздай, жырлары жеті жауһар жарқылындай қолма-қол өлеңнің шеберлері сайысатын жоба бұл. Оған тіл-таңдайына Тәңір салмақты сөз салса, майдан қыл суырар әлеуеті бар ақындар қатысады.