Ескендіровтер отбасы Астана қаласына көшіп келеді. Бұл олардың өмірлеріндегі осымен 13-ші рет көшуі. Сондықтан да, көш–олар үшін қалыпты жағдай. Оған басты себеп отағасы Ақылбектің әскери қызметкер болуы. Сонымен қатар, Ескендіровтер – көпбалалы отбасы,төрт бірдей ұлы бар. Әрқайсысының мінезі, талғамы, болмысы, тіпті көзқарасы да әртүрлі. Төрт ағайынды Арман, Азамат, Асхат, Ахметтің Астанадағы қызықты, әрі шытырманға толы оқиғаларын «А4» телехикаясынан көріңіз. Жаңа қала олардың өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін?