Динара Рашидқызы күйеуі қайтыс болып, жалғызбасты атанған әйел, ана бақытын да сезінбеген. Алайда ол балалар үйінің директоры болғандықтан 47 баланың өміріне жауапты. Ол үшін қанатының астына алған сәбилердің жүрегі мен олардың сенімі маңызды. Асырауға алып кеткен бүлдіршіндердің тағдыры қандай болмақ? Баланы аңсаған әрбір жұп жетімдерге мейірімін төге ала ма? Балаға ең бастысы аналық махаббат пен қамқорлық маңызды екенін дәлелдеген Динараның тағдыры өмірден алынған оқиғалармен өріледі.