Ауыл жастарының өмірі туралы мелодрама жанрында түсірілген отандық телехикая. Бас кейіпкер Расул әкесінен қалған мирасқа иелік етуге «Алмасай» ауылына келеді. Бірақ, оның мақсаты алмабақты аялау емес, барлық ағашты кесіп, орнына үлкен сауда орталығын салу. Мұны естіген ауыл тұрғындары оған қарсы шығады.Қалағанына қол жеткізіп үйренген қаладан келген Расул өз жоспарын жүзеге асыра ала ма? Адамгершілікті жоғары бағалайтын «Алмасай» тұрғындары алмабақты аман сақтап қала ма?