Консалтинг компаниясын басқаратын Айдынның шиеленіске толы өмірі баяндалатын телехикая. Оның бизнесі өз ісін жаңадан бастамақшы болған жас кәсіпкерлерге көмек көрсету бағытында құрылған. Алайда, күн санап дамып келе жатқан бизнесі аяқ-асты құрдымға кетудің алдында тұрады. Бәрі де, фирманы алға жетелеп келген жетекші маманның жұмыстан кетуі, инвесторлардың маңызды келісім-шартқа қол қоймауынан басталады. Енді ол, жылдар бойы адал еңбегімен жеткізген ісінқаржылай күйреуден сақтап қала ала ма? Ол үшін мүлдем күтпеген махаббат пен сатқындықтың салмағы қандай болмақ?