Туынды қоғамның өзекті мәселесіне айналып отырған жемқорлық, теріс діни ағымдардың әсері, дәстүрдің құнсыздануы, отбасы құндылықтары сияқты сан түрлі тақырыптарды арқау етеді. Оқиға желісі бойынша Дәлел үлкен компанияның директоры болуға үміттеніп жүреді. Ықпалы күшті Сәрсен сенім артып, қолдау білдірмекші. Бірақ, абайсызда болған кісі өлімі Дәлелді директор емес қашқынға айналдырады.