Білікті кардиохирург Данияр Өтешов қайғы мен қуаныштың ара жігін жақсы ажыратады. Ол біреуге өмір сыйласа, ал біреудің керісінше өліміне куә болады. Біреуден алғыс естіп, ал бірінен қарғыс арқалайды. Себебі, ерлік те, қателік те соның мойнында. Операция столында жатқан әрбір пациенттің тағдыры да соның қолында. Бірақ, бұл жолы тағдыр –Даниярдың өзін сынайды. Кезекті жүрек отасы кезінде науқасы көз жұмады. Бұл қайғылы жағдай, беделі мен байлығы тасыған Тұрсынның әйелінің қазасы еді. Ол 40 жыл бойы отасқан келіншегінің өлімін кешіре алмай, хирургты кінәлайды. Алғыстың орны бір сәттік болғанымен, кектің құны ұзаққа созылатыны анық. Сол үшін де Тұрсын өзінің таныстарын пайдаланып, барлық күшін салып Даниярдың өмірін тозаққа айналдыруға серт береді. Барлық телеарналарда тараған ақпарат, қоғамның пікірін лезде екіге жарады. Үнемі адам жүрегімен айналысқан білікті маманның ендігі тағдыры қауіпке, ал қызметтік мансабы қыл үстінде қалады. Кәсібилік пен адамгершілік таразыға түскен туындыны көріңіз.