Еліміздегі ең жарық жұлдыздарды бір сахнаға біріктірген «Екі жұлдыз» жобасы. Мұнда өнер көрсететіндердің бірі кәсіби әнші болса, ал екіншісі өзге саланың үздігі.Олар 16 жұп құрып, өзара бақ сынайды. Әр бағдарламада белгіленген тақырыпқа сай әндер орындалады. Бәрінің бір ғана мақсаты бар, ол - қазылар алқасы мен көрерменнің көңілінен шығу, әрі ең үздік жұп атану.