Серік – кішігірім ауылдың баласы. Ол білімге құштар. Оның асқақ арманы – болашақта білікті программист болу, сосын үлкен компания құрғысы келеді. Сондай-ақ ашқан жаңалықтарымен әлемді дүр сілкіндіріп, елімізді танытқысы келеді. Бірақ оның бастамаларын ауылдастары түсінбейді, әрі қолдамайды. Өйткені оның тәжірибелерінен бірінші болып көп жапа шегетін де солар. Қанша келеңсіз жағдайға тап болса да Серіктің алған бетінен қайтару оңай ма? Ол жаңалықтарынан нәтиже шығару үшін қандай қадамдарға барады?