Тарихқа тұнған, киелі мекен–Түркістан өлкесінде тоғысқан түрлі тағдырлар жайлытуынды. Мұнда, отбасы құндылықтарының ерекше әсері, махаббат алдындағы адалдық пен қайталанбас достықтың қымбат қадірі баяндалады. Және де кейіпкерлер арқылы көптеген өмірлік сұрақтарға жауап іздейді. Қандай жағдай болмасын, адам болып қалудың маңыздылығы мен түрлі сынақтардың алдында өз-өзіңді жоғалтпаудың құны қандай? Киелі бесікте сіңген болмысыңды сақтап қалудың сыры неде?