Ойы жүйрік, табан асты тапқыр, қағытпа қалжыңы жарасқан, жастардан құралған командалардың шығармашылығын шыңдайтын телевизиялық жоба. Бұл жобада еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған ойыншылар өз облысының немесе қаласының намысын қорғап, топтық құрамда сынға түседі. 2018 жылы КТА сахнасын жандандырған кімдер? Қандай әзілдерімен есте қалды? Көңілді тапқырлар алаңынан көріңіз.