Көрерменді ХVІ ғасырға жетелеген тарихи туынды. Тәуекелге толы шайқас. Таразы басында ел іргесінің беріктігі, ұрпақтың азаттығы тұрған сәтте қателікке, үрейге мүлдем жол жоқ. Ел болашағы үшін атқа қонған 600 қазақ сарбазының Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолына қарсы кескілескен ұрысы суреттелген телехикая. Қиын-қыстау шақта сыналған: адалдық пен сатқындықтың, әділдік пен қиянаттың, қызғаныш пен махаббаттың шынайы бейнесі «Орбұлақ шайқасында» көрініс табады.