Мектепте жұптары жазылмайтын Ерғанат пен Әділханның басынан кешкен оқиғалары баяндалатын телехикая. Олар өз қатарларымен бірге жоғары оқу орнына түсе алмай, әскерге аттанады. Осылайша, екі достың жаңа өмір жолы басталады. Мүлдем басқа орта, жаңа таныстық екеуінің достығына қандай әсерін тигізуі мүмкін? Мектептің ережесіне мойынұсынбаған олар енді әскердің ережесіне бағына ала ма? Өз міндеттерін, мемлекет алдындағы борыштарын абыроймен атқара ала ма? Оны екі достың әскердегі сағынышқа толы хаттарынан білуге болады.