Жобаның мақсаты өскелең ұрпақты қазақ халқының ұлттық қолөнерімен жақын таныстыру және Республикамыздағы ұлттық қолөнер шеберлерін кеңінен насихаттау. Тарихы тереңнен нәр алатын ұлттық қолөнерді Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптерімен күнделікті тұрмыс қажетіне жаратып, қол өнердің қазақ халқына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырғанын жеткіншектер назарына ұсыну.