Қазақтың ұлы даласында сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке - Наурыз. Бұл күні бәрі ұлттық нақыштағы киімдерін киіп, наурыз көжесін дайындап, бір-біріне ақ тілек тілейді. Ал өнерлі қауым халыққа ән-биін арнап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.