Өмірде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Олардың тек өздеріне ғана тиесілі, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын қиындықтары мен сынақтары да болады. Біреулері, сол басқа түскен қиындықтармен соңына дейін күрессе, ал кейбірі, өкінішке орай әлсіздік танытып, жеңіліп жатады. Алайда, бір ғана қолдау, бір ғана сөз бәрін түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін қаперімізге ала бермейміз. Сондықтан да, осындай шешімін іздеген түрлі мәселелерді тоғыстырған, сан түрлі тағдырдың айқасын суреттеген «Сен жалғыз емессің» деректі драмасын көріңіз.