«Сиқырлы бөлме» өзінің кішкентай көрермендеріне таңғажайып әлемнің есігін ашады. Мұнда зұлымдыққа қарсы күресетін батырлар да, әлсіздерді қорғайтын мықтылар да өмір сүреді. Кез-келген қиындықта көмек қолын созатын кейіпкерлер де кездеседі. Өз арманы мен мақсаты жолында ешқандай кедергіден қорықпайтын қаһармандар да осында. Себебі, бұл ертегілер әлемі. Дайынсың ба, балақай? Олай болса, сиқырлы бөлмеге өт те, өзіңе ұнайтын кез-келген тақырыптағы ертегіні таңда.