Жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус жүргізушісі Сейтмұратқа ескі танысы Берік өтінішпен келеді. Ол бекетсіз ескі жолмен жүріп, шекарадан бір жігіт пен сөмкені өткізу керек. Басқа да қосымша жолаушылар мінген автобус жолға шыққанда олардың соңдарынан ерген қуғыншы бар екені білінеді. Автобустағы санаулы адам ғана бұл қауіпті саяхат екенін білсе де, қанды оқиғаға айналарынан хабары жоқ еді. Қылмыс әлемімен байланысып, қарызға белшесінен батқан Берік қандай тәуекелге бел буды? Қылмыс әлемінің серкелерінің ізіне түскен орган қызметкері Даниярдың жалғыз өзі оларға тосқауыл бола ма? Сан адамның өмірінен қымбат болған қандай зат? Адалдық пен сатқындықтың сыналған кезінде кім қай жолды таңдайды?