Бұл кез-келген уақыт сынағынан өтуге адам рухының дайын екенін көрсеткен үздік телехикая. Сағынышты өкінішке, өкінішті қуанышқа алмастырған өтпелі уақыт. Одақтың тарауы, КСРО-ның күйреуі. Бұл сол заманның басты сұрағы еді. Енді не болмақ? Өйткені халықтың көңілі елең-алаң. Қорқыныш пен үрей арбаған алдамшы уақытта, сол заманның ұрпақтары өз-өздерін сақтап қала алды, ал кейбірі өкінішке қарай жоғалтты. Себебі, Тәуелсіздіктің алғашқы таңы жаңа қиындықтарға жол ашқан кезең болды. Жарқын болашаққа деген сенім ғана олардың өз заманын еңсеруіне көмектесті. Бірақ, ол үшін қандай құрбандықтарға барды?