Шетелде білім алған Ілияс есімді режиссер қалалық театрдың біріне жұмысқа орналасады. Оның арманы әкесінің жолын жалғап, сахнаға жаңа леп беру. Алайда, мінезі тік, жас таланттың театр басшылығы және әріптестерімен тіл табысуы қиынға түседі. Өзгерісті қаламайтын өзге қызметкерлер барынша кедергі жасап, театрдан қууға талпынады. Осылай, сахна сыртында үлкен қойылым басталады.