Туған жердің топырағын түйсігімен сезініп, сайын даланың қазба байлығын ашқан, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтпаев жайлы, шынайы оқиғаға негізделген телехикая. Заман шындығынан сыр шертетін көркем туынды. Ұлы тұлғаның өз мақсаты жолындағы қайтпас қайсарлығы мен өршіл рухының куәсі болыңыз. Бұл телехикая арқылы өзіңіз үшін Қаныш Сәтпаевтың жаңа қырын, қаһармандық тұлғасын ашыңыз.