Ел аманатын арқалаған мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов мансабы мен жеке басының, отбасының қауіпсіздігіне қарамастан өзінен жоғары билік өкілдеріне қарсы шығады. Отаншыл азаматтың батылдығының бағасы қандай еді? Ұлтына деген сүйіспеншілік оның алдынан шыққан барлық кедергілерді жеңуге түрткі болды. Қазақ жерін бөлшектеуге жол бермей, ел территориясының тұтастығын сақтап қалған ұлы тұлғаның аты тарихта алтын әріптермен жазылып қалды.