Үш өлшемді анимациялық фильм жасау саған қол жетпес арман секілді көріне ме? Мүлде олай емес. Бұл жоба өзіңнің сүйікті кейіпкерлеріңді жасап үйреніп, сенің мүмкіндігіңнің шексіз екенін дәлелдейді. Жобаның мақсаты - баланы жаңа қырынан ашу және дамыту, ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу және олардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру.