Отбасында қатігездік пен озбырлықтың құрбаны болған шарасыз әйел. Ол түрмеге айналған үйінен босап шығудың жолын іздейді. Себебі, балаларының болашағы үшін, және өз бақыты үшін соңына дейін күресу керек екенін түсінеді. Бірақ, нәзік те сезімтал жанның бойынан ондай қайсарлық табыла ма? Жаңа өмірге батыл қадам жасауға ерік-жігері жете ме? Іштегі үрей мен үміттің арпалысы шынайы бейнеленген телехикаяны көріңіз.