Телехикая дәулескер күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертеді. Оның ішінде бала Динаның домбыраға құштарлығы, дала сарынынан әуен іздеуі, күй атасы Құрманғазыдан тәлім алуы бейнеленеді. Сондай-ақ, тарихи туындыдан сол кезеңдегі әйел тағдыры, оның қоғамдағы жауапкершілігі жайлы көріңіз. Ең бастысы күй құдыретін сезініңіз!