Қарапайым әрі көркем қыз Айерке ауылда мәдениет үйінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Оның бар ойы Наурыз мерекесін дүркіретіп, қызықты өткізу. Лондоннан жақында оқудан келген ауылдас жігіт Дастан оны бір көргеннен ғашық болып қалғанын түсініп, қалалық досы Асланмен бөліседі. Ал, сәтсіз махаббат хикаясынан арылу үшін ауылға досына келген Аслан да Айеркемен кездейсоқ ұшырасып, ұнатып қалады. Бір қызға ғашық болған екі достың арасындағы бақталастық неге апарады? Сымбатты, мәдениетті, білімді екі жігіттің қайсысына Айерке өз жүрегін ұсынар екен?