Өзіндік бренд болып қалыптасып үлгерген «Егіз лебіз» музыкалық жобасының үшінші маусымы. Кәсіби вокалистер мен өзге саланың өкілдері бірге ән айтып, жұп болып жарысады. Әр шығарылымда жұптар түрлі сахналық образдармен, түрлі жанрда өнер көрсетеді. Әр кезең сайын қазылардың ұпайы мен көрермен берген дауыс қосындысы бойынша аз көрсеткіш алған бір жұп жобадан шығады. Финалда 3 жұп бақ сынайды.