1 маусым... Кәсіпкер Сәуле қызымен бірге бұдан он бес жыл бұрын кеткен ауылға аттанады. Мақсаты – өмірінде болып жатқан қиындықтардан қызын қорғаштау. Туған қызы бар екенін білмейтін бұрынғы күйеуіне бұл кездесу тосын болып көрінсе де, Сәуленің ұсынысынан бас тартпай, қызымен табысады. Талай тіршілік тауқыметін тартқан нәзік, әрі қайсар Сәуле кәсіптегі бәсекелестерімен күрессе де, осы табысқа жетер жолда құрбан еткен іңкәр сезімдерін жеңе алар ма екен? Қуаныш пен сүйініш, сатқындық пен араздыққа толы Сәулені тағдыр енді қандай оқиғалармен сынамақ? 2 маусым... Мансабын жолға қойып, жетістіктің белгілі бір шыңына жеткен Сәуле отбасына, өзіне көбірек көңіл бөлу үшін кәсібінен кетпекке бел буады. Бірақ, жеңіл пайда тауып үйренген оның бәсекелестері еңбекқор әйелді оңай жібере қоя ма екен? Өміріне қауіп төнген серіктестеріне көмектесемін деп Сәуле өзі қандай қатерге тап болды? Ең бастысы, қиындықпен қалпына келтірген шаңырағын қайта шайқалтып алмас үшін қандай құрбандықтарға барады? 3 маусым... Отбасылық өмірдің бақытына кенеліп жүрген Сәуленің көңілі бәрібір де орнында емес. Бойжеткен қызының болашағына алаңдағанымен қоймай, оның бойын белгісіз бір қорқыныш билеп алғанын сезеді. Оның бұл жайсыз сезімі бекер емес. Ол бір күні кездейсоқ кездескен әйел мен жоғалған сызбаларының артында үлкен қауіп тұрғанын білмейтін еді. Отбасының амандығы үшін Сәуле қас дұшпанымен келісімге келе ме? Жұбайының жүрек ауруы олардың өмірін қай арнаға бұрады?