2015 Аяулы арман Бұл үлкен өмірге енді қадам басқан жастардың қателіктері мен көзсіз тәуекелдері баяндалатын төл туынды. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан соң әрбір кейіпкердің өз өмір жолы басталады. Кез-келген шалыс қадам олар үшін қауіпті әрі өмірлерінің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Бірақ, адам баласы үшін бір орында тұру мүмкін бе? Демек, кейіпкерлердің тағдырына жазылған бұралаң жол қайда апармақ? Жүрек түкпіріне сақтаған, аяулы армандарына қол жеткізуі мүмкін бе? Ал, ең бастысы, бұл әлемде оларға жанашыр жан табыла ма?
2018 Рауан Тағдыры өте ауыр, өмірде көп қиындық көрген Рауан балалық шағы жетімдер үйінде өткен және жастайынан түрменің де табалдырығын көреді. Бостандыққа шыққан соң анасын тауып алам деген үміті іске асқанмен, туған анасының өзін перзентханада әдейі ауыстырып жібергені туралы ақиқат оның өмірлік трагедиясына айналады. Ол анасының қателігін кешіріп, қабылдай ала ма? Одан кейін өзге балалар секілді бақытты өмір сүре ала ма? Болашағы үшін қандай маңызды қадамдарға барады?