2015 Аяулы арман Бұл үлкен өмірге енді қадам басқан жастардың қателіктері мен көзсіз тәуекелдері баяндалатын төл туынды. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан соң әрбір кейіпкердің өз өмір жолы басталады. Кез-келген шалыс қадам олар үшін қауіпті әрі өмірлерінің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Бірақ, адам баласы үшін бір орында тұру мүмкін бе? Демек, кейіпкерлердің тағдырына жазылған бұралаң жол қайда апармақ? Жүрек түкпіріне сақтаған, аяулы армандарына қол жеткізуі мүмкін бе? Ал, ең бастысы, бұл әлемде оларға жанашыр жан табыла ма?
2015 Арнайы өкілдер Олар қоғамның көзінен тасада жұмыс істейді. Олар жайлы ешкім білмеуі мүмкін. Бірақ әрқайсысымыз да сеземіз. Себебі, тұтас елдің қауіпсіздігі солардың қолында. Бұл жолы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы өкілдеріне артылған жауапкершілік тым жоғары. Демек, қабылданатын шешімдер де ауқымды болмақ. Бір ғана қателік – бәрін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қара халықтың тағдыры мен қара бастың қауіпсіздігі таразыға түскенде, таңдау жасау қаншалықты қиын? Сын сағатта сыналған көзсіз ерліктер мен қаһармандық рух баяндалатын үздік туындыны көріңіз.