Все фильмы
2017 Саған сенемін Туынды қаладағы өмірін тастап, ешкімге айтпастан шекара маңындағы ауылға келген Алаудың хикаясын баяндайды. Ол бәрін ұмытып жаңа өмір бастағысы келеді. Бірақ өткенмен қоштасу қашан да оңай емес. Жырақтан бақыт іздеген Алау тағы қандай тәуекелге баруға дайын? Үзілген үмітін, жоғалтқан сенімін жалғай ала ма? Смотреть
2013 Сырғалым Көрермен көзайымына айналған еліміздегі танымал телехикаяның екінші маусымы. Санжар мен Сырғалымның үйленгеннен кейінгі өмірі мүлдем басқа арнаға бұрылады. Енді жас отбасы өз қиындықтарымен күресе отырып, қоғамның қайшылықтарына да қарсы тұруы тиіс. Алайда Сырғалымның ғана махаббаты бір шаңырақты сақтап қалуға қауқарлы ма? Күйеуі Санжардың қателіктерін кешіре беруге төзімі жете ме? Смотреть
2017 Иірім. Ана қадірі Азаматты анасы жалғыз өзі тәрбиелеп, өсірген. Баласы үшін көп қиындыққа төзіп, жетілдіріп, ер жеткен соң қалаға оқуға жібереді. Бірақ, қалада қиналған Азамат күнкөріс үшін түнгі клубқа жұмысқа тұрады. Сабағы нашарлап, оқуына көңіл бөле алмай жүргенде ауқатты отбасыдан шыққан Айнұр бас қосады. Азамат ауылдағы анасын қолына әкелгенде, Айнұр енесімен тұрғысы келмейтінін көрсетеді. Ақыры ене мен келін арасындағы қайшылық асқынып, Азаматтың анасы қарттар үйіне кетеді. Ал Азамат әйелінің қалауына қарсы шыға ала ма? Әлде ақ сүт берген анасын таңдай ма? Смотреть